Нығматулин балаларды буллингтен заңмен қорғауды ұсынды

1097

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин балаларды буллинг және кибербуллингтен заңмен қорғауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нығматулин балаларды буллингтен заңмен қорғауды ұсынды

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынды.

Отырыста Нұрлан Нығматулин аталған құжатқа жаңа нормаларды енгізуді ұсынды.

"Бүгінде буллинг және кибербуллинг өте қауіпті. Ол балалардың психологиясын бұзады. Бағана депутат Екатерина Смышляева (буллинг және кибербуллингті – автор) суицидке алып баратын жол деп айтты. Сондықтан ешкімге қарамай мектептегі балаларды буллинг және кибербуллингтен толық қорғайтын нақты нормаларды енгізу керек. Бұл балалардың болашағы, олардың өмірі үшін маңызды. Оны ұмытпауымыз керек", - деді Мәжіліс төрағасы.

Осыған байланысты ол аталған заң жобасының екінші оқылымына дейін тиісті жұмыстарды жүргізу керегін атап өтті.

"Білім және ғылым министрлігі және басқада мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілуі шарт", - деді Нұрлан Нығматулин.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу