Нығматулин шахтерлар наразылығы туралы: Ешқандай эмоцияға берілудің қажеті жоқ

1011

Нығматулин шахтерлар наразылығы туралы: Ешқандай эмоцияға берілудің қажеті жоқ

ҚР парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен парламент мәжілісінің депутаттары Қарағанды облысындағы шахтерлердің наразылығына қатысты тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің жалпы отырысының соңында тілшілердің сауалын тыңдаған Нұрлан Нығматулин аталған мәселе бойынша қазіргі таңда жұмыс берушілер мен кеншілердің кәсіподақтары арасында диалог жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Бұл жерде ешқандай эмоцияға берілудің қажеті жоқ. Сондықтан, белгілі бір нәтижені күтейік", - дейді Нұрлан Нығматулин.

Мәжілісмен Азат Перушаев та осыған ұқсас пікір білдірді: "Артын күтейік. Келіссөздердің соңы не боларын байқаймыз. Жалпы айтарым, кен туралы заң талқыланған кезде біз қазақстандық құрамды арттыру керектігін айтқан болатынбыз. Соның ішінде жұмысшылардың жалақысы да қамтылған", - дейді ол.

Ал "Халық коммунистері" фракциясы атынан сөз сөйлеген Владислав Косарев жуық арада аталған мәселеге қатысты депуаттық сауал жолдағалы жатқанын жеткізді.

"Барлық шахтерлер өз құқықтарын қорғап отыр. Шетелдік компания шахталарындағы жұмысшылар үшін жауапкершілікті сезінуі қажет", - дейді Владислав Косарев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу