"Мәжілістегі "Nur Otan" партиясы фракциясының алғашқы отырысын өткіздім. Әріптестермен Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырмаларын орындау жоспарын белгіледік. Басты мақсат-жұмыста жаңа тәсіл енгізу, халық мәселелерін шешу, сайлауалды бағдарламаны орындау,соның ішінде, заңдық қамтамасыз ету", – деп жазды мәжіліс спикері Twitter-де.
Еске сала кетсек, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамызда өткен саяси кеңестің кеңейтілген отырысында мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын мәжілістегі парламенттік фракция жетекшісі қызметіне ұсынған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу