Нығматулиннің күйеу баласы "Қазаэронавигация" бас директоры лауазымынан босатылды

568

Азат Бектұров "Қазаэронавигация" ШЖҚ РМК бас директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Нығматулиннің күйеу баласы "Қазаэронавигация" бас директоры лауазымынан босатылды

Хабарламада осы жылдың 23 тамызында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" ШЖҚ РМК бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылғаны туралы айтылған. 

Азат Бектұров "Қазаэронавигацияны" 2014 жылдың тамызынан бастап басқарған. Осыған дейін бұл компания 14 млрд тг-ні таратылған "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-ға орналастырғаннан кейін мемлекеттік қаржыны жоғалтты және рейдерлік жасады деп айыпталған болатын. 

Айта кетейік, Азат Бектұров Ерлан Нығматуллиннің күйеу баласы болып келеді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу