Нысана көздеуден әлем чемпионатында қазақстандық мергендер медаль жеңіп алды

417

Әлем чемпионаты Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатыр. 

Нысана көздеуден әлем чемпионатында қазақстандық мергендер медаль жеңіп алды Фото: ҚР Мәдениент және спорт министрлігі

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеу бойынша финалға екі отандасымыз - Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ақтық сында Зухра Ирназарова 6:3 есебімен басым түсті. Екі мерген отандасымыз алтын және күміс медаль жеңіп алды.

Зухра мен Александраны және бүкіл Қазақстан құрамасын керемет нәтижемен құттықтаймын. Бакуде елдің намысын қорғайтын мергендерімізге қалған жарыс күндері осындай жоғары нәтижеге қол жеткізулерін тілеймін.

Естеріңізге сала кетейін, қазір біздің команданың қоржынында үш медаль бар. Сондай-ақ, мергендеріміз Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін күресуде. Оларға сәттілік тілейміз, деп жазды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу