Шымкентте нысына көздеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қысқа калибрлі тапанша ҚТ-10 бойынша ерлер арасында Владимир Исаченко (Алматы) топ жарды. Шымкенттік Никита Чирюкин екінші болса, Алматы спортшысы Ярослав Махнёв үздік үштікті қорытындылады.
Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында спорттық қысқакалибрлі МВ-9ж винтовкадағы жаттығу бойынша үздіктер анықталды. Аталған санат бойынша алматылық Александра Малиновская жеңімпаз атанды. Шымкент өкілі Елизавета Безрукова күміспен күптелсе, алматылық Жанель Серікбаева қоланы қанағат тұтты.