Нысана көздеуден Үндістандағы әлем кубогі кезеңі өткізілмейтін болды

706

Сонымен қатар, Әзірбайжан астанасы Бакуде ұйымдастырылатын маусым айындағы әлем кубогі кезеңі де жоспардан алынды.   

Нысана көздеуден Үндістандағы әлем кубогі кезеңі өткізілмейтін болды Фото: olympic.kz

Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) коронавирус індетінің таралуына байланысты әлем кубогінің екі кезеңін өткізбейді, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Нысана көздеуден 5-13 мамыр аралығында Нью-Делиде (Үндістан) өтуге тиіс әлем кубогі кезеңі, сондай-ақ, стенд атудан  20-29 мамырға жоспарланған кубоктік кезең өтпейтін болды. 

Сонымен қатар, Әзірбайжан астанасы Бакуде ұйымдастырылатын маусым айындағы әлем кубогі кезеңі де жоспардан алынды.   

Айта кетелік, бұған дейін нысана көздеу және стенд атудан Германиядағы турнирлер кейінге шегерілген болатын.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу