Нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы 4 жүлде түсті

579

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жылжымалы нысана көздеуде (10 м) Қазақстан әйелдер құрамасы Украинадан басым түсіп, чемпион атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы 4 жүлде түсті Фото: drs_kz

Ел намысын қорғаған әпкелі-сіңлілі Зухра және Фатима Ирназарова мен Александра Садуакасова осы жаттығудағы ересектер арасындағы әлем рекордын тіркеді (1 686 ұпай).

Ал осы сында еліміздің ерлер құрамасы Украина спортшыларына жол беріп, күміс медаль иегері атанды. Құрама сапында Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Даниил Яковенко бақ сынады.

Сондай-ақ жылжымалы нысана көздеуде жекелей сында Фатима Ирназарова тұғыр биігінің 2-сатысынан көрінді. Ол финалда украиналық Маргарита Тарканиге (6-4) есе жіберді. Фатиманың іріктеуде жинаған 572 ұпайы жасөспірімдер арасындағы жаңа әлем рекорды!

Тағы бір отандасымыз Александра Садуакасова қола медаль үшін матчта украиналық Алина Ткаликтен жеңіліп қалды.

Ал Никита Чирюкин 25 метрден тапаншамен (стандарт) оқ атуда күміс жүлдеге ие болды (572 ұпай). Отандасымыз тек жарыс қожайыны Сук Жин Хонгқа есе жіберді (578 ұпай).

Осыған дейін Никита Чирюкин алтын, Арина Алтухова күміс жүлдеге қол жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу