Нью-Делиде қонақүй өртеніп, 21 адам қаза тапты

386

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди әлеуметтік желіде қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.  

Нью-Делиде қонақүй өртеніп, 21 адам қаза тапты Фото: thecsrjournal.in

Үндістан астанасы Нью-Делидегі қонақүйдің жертөледегі мейрамханасында шыққан өрт салдарынан кемінде 21 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт жергілікті уақытпен таңғы 08:50 шамасында 5 қабатты қонақүйдің ең төменгі қабатындағы мейрамханадан басталған. Ғимаратта шамамен 40 адам тұрған.

Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Қонақүйде өрт басталған сәтте көбі қалың ұйқыда жатқан.

Құтқарушылар адамды дереу эвакуациялап үлгергенімен, алдын ала деректер бойынша 21 адам қаза тапты.

Өрттің себебі әзірге анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу