Нью-Йорк қаласының криптовалютасы шығарылады

845

Жобаны бастаған Нью-Йорк қауымдастығы мен шаһар мэрі – Эрик Адамс. 

Нью-Йорк қаласының криптовалютасы шығарылады

Citycoins платформасы Нью-Йорк қаласы үшін NYCCOIN деп аталатын муниципалды токенін жасап шығарады, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімі Эрик Адамстың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Жоба қала бюджетіне инвестиция тарту үшін іске қосылмақ. Осылайша Нью-Йорк өзінің криптовалютасы бар екінші америкалық қала атанбақшы.

CityCoins платформасында токен өндіру 11 қарашада басталады. Бұл процесс экологиялық және энергиялық тұрғыда тиімді тәсілмен, яғни стекинг көмегімен жүзеге асырылады. NYCCOIN өндірісінен түскен табыс екіге бөлінеді. 70%-ы майнерлерге берілсе, қалғаны қала қазынасына құйылады. Ал бұл қаражат қалалық іс-шараларды қаржыландыруға бағытталады. 

Жобаны бастаған – Нью-Йорк қауымдастығы мен қараша айының басында қызметіне кіріскен мэр Эрик Адамс. Шаһар басшысы жаңа қызметіндегі алғашқы үш жалақысын биткоинмен алатынын мәлімдеп, мектептерде криптовалюта негіздерін оқыту идеясын қолдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу