АҚШ-тағы ең ірі мегополис тұрғындары 30 жыл бойы қолданылып келген Metro Card жарамсыз болып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Нью-Йорк транспорты басқармасының мәліметінше, магнит карталардан бас тарту арқылы жылына 20 миллион долларға дейін үнемдеуге болады. 1994 жылы қолданысқа енген тарихи карта Нью-Йорктің мәдени нышанына айналып үлгерген. Онда спорттық оқиғалар бейнеленіп, танымал сериалдардың да премьерасы суреттелген. Оның сирек кездесетін түрлерін коллекционерлер жинайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу