Нью-Йорк штатында төтенше жағдай режимі жарияланды

177

Саяси партиялар шатдаунға байланысты бір-бірін айыптап отыр.

Нью-Йорк штатында төтенше жағдай режимі жарияланды Фото: Риа Новости

АҚШ-та үкіметтің жұмысы уақытша тоқтауына байланысты Нью-Йорк штатында төтенше жағдай режимі жарияланды. 1 қарашадан бастап федералдық үкімет қаржыландыруы тоқтайтындықтан, тұрғындарға берілетін азық-түлік көмегін қолдау үшін қосымша 65 миллион доллар бөлінеді. Бұл туралы штат губернаторы Кэти Хокул айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

"Бүгін губернатор Кэти Хокул төтенше жағдай режимін жариялады. Трамп әкімшілігі 1 қарашадан бастап Нью-Йорктың 3 миллион тұрғынын азық-түлік көмегінен айыруына байланысты қосымша шаралар қабылданып жатыр. Губернатор Хокул штат тарапынан қосымша 65 миллион доллар бөледі. Қаражат Нью-Йорктың көмекке мұқтаж тұрғындарына шамамен 40 миллион порция азық-түлік беруге бағытталады", – делінген штат үкіметінің сайтында жарияланған хабарламада. 

1 қазан күні АҚШ федералдық үкіметінің жұмысы қаржы болмауына байланысты ішінара тоқтатылды. Себебі Республикалық партия мен оппозициялық Демократиялық партия Конгрессте бірқатар шығын мәселелері бойынша келісімге келе алмады. Олар әлі де бір мәмілеге қол жеткізбеді. Саяси партиялар шатдаунға байланысты бір-бірін айыптап отыр.

1977 жылдан бері федералдық үкіметтің жұмысы әкімшілік пен Конгресс арасындағы келіспеушіліктерге байланысты 20-дан астам рет тоқтаған. Ең ұзақ үзіліс 35 күнге созылған. Бұл Дональд Трамптың бірінші президенттік мерзімінде болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу