Нью-Йорк соты Әблязов пен Храпуновқа санкция салды

824

Нью-Йорктегі іс "БТА Банк" АҚ мен Алматы қалалық әкімдігінің тарпынан Әблязов пен оның серіктестеріне қатысты бес жыл бұрын қозғалған.  

Нью-Йорк соты Әблязов пен Храпуновқа санкция салды

Биылғы жылдың 18 қазанында Нью-Йорктің оңтүстік округі судьясы Элисон Дж.Натан Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың қарсылықтарын қайтарып, оларға соттық қадағалау кезінде заңсыз әрекеттерге барғаны үшін санкция салды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Натан АҚШ судьясы Кэтрин Х.Паркердің (2019 жылдың 3 шілдесінен, 2019 жылдың 15 шілдесінен, 7 ақпанынан, 2020 жылдың 19 мамырынан және 2020 жылдың 3 қыркүйегінен) бұрынғы шешімдерін растап, Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновқа санкция салды.

"Бұл сот шешімі Әбілязов, Виктор мен Ильяс Храпуновтар айғақтардың ашылуына кедергі келтіргенін анықтады", – деп жазылған Әділет министрлігі таратқан хабарламада. 

Сот айыпталушылардың айғақтарды жасырғанын және жойғанын растады. Олар жалған куәлік беріп, сот бұйрығын бұзған.

Заңсыздықтардың ішінде бірнеше дерек бар. Олар:

• Мұхтар Әблязов дәлелдемелерді ұсынуды талап ететін сот шешімін орындамады;  
• Мұхтар Әблязов ондай айғақтар жоқ деп мәлімдеді, бірақ бұл мәлімдеме өзінің ант берген куәлігіне қайшы келді;  
• Храпуновтар ешқандай қаржылық есептілік ұсынбады, барлығы ақталмады;  
• Ілияс Храпунов талап қоюшылар сотқа жүгінгенге дейін өзінің барлық электрондық хаттарын жойды, оның орнына жүздеген шифрланған электрондық пошта мекенжайларын қолдана бастады, содан кейін олардың ешқайсысына қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді; 
• Ілияс Храпунов өзінің үшінші тараптарға жіберген электрондық хаттарын мойындаудан бас тартты және ондаған немесе жүздеген млн долларды құрайтын қаржылық операцияларды еске түсірмеді;  
• Мұхтар Әблязов өзінің таза байлығы 20 млрд доллардан асатынын растаса да, ол бұл ақшаны табуға және басқаруға көмектескен адамдардың атын атамады. 

"Осы және осыған ұқсас теріс қылықтардың негізінде сот қосалқы талапкерлердің пайдасына шешім шығарды және Әблязовтың 140 115,16 доллар айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым шығарды. Сот Ілияс Храпуновқа қатысты санкция мөлшерін алдағы уақытта анықтайды", – деп хабарлады Әділет министрлігі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу