Нью-Йорк соты Мұхтар Әбіләзовтің ісін 2020 жылы қарайды

1329

4 жылға созылған іс аяқталуға жақын.

Нью-Йорк соты Мұхтар Әбіләзовтің ісін 2020 жылы қарайды

Нью-Йорктағы сот ісі 4 жыл бұрын басталған болатын. Қазақстанның әділет министрлігі аталмыш істің қалай өрбіп жатқаны туралы баспасөз-мәлімет таратты. 

Алматы қаласының әкімдігі мен ортақ талапкер БТА Банк Мұхтар Әбіләзов пен оның сыбайластарын АҚШ-та ұрланған ақшаның ізін жасырды деп айыптаған. Содан бері Алматы әкімдігі Әбіләзовтің жасаған қылмыстарын дәлелдейтін елеулі айғақтарды жинап, қылмысқа қатысы бар көптеген адамнан жауап алыпты. Істің сотқа дейінгі кезеңі аяқталуға жақын. Алматы әкімдігі АҚШ алқа билер сотының қарауы 2020 жылы өтуі мүмкін екенін болжап отыр. 

"Соттың 2019 жылғы 30 қыркүйектегі шешімі осы сот қарауын едәуір жеңілдетеді. 2015 жылы іс алғаш қозғалғанда Алматы әкімдігі мен БТА Банк тарапы Әбіләзовке қатысты наразылықтар тізбесіне "алаяқтық жолмен табыстау" туралы талап-арыз қосты. Бұл талап-арыз Нью-Йорктегі Flatotel жылжымайтын мүлігін қайтаруға негізделген. Әбіләзов пен оның сыбайластары аталмыш нысанды сатып, автивін Алматы әкімдігінен жасырып қалмақ болған. 

"2015 жылы Алматы әкімдігі мен БТА Банк тарапы Нью-Йорк құрылыс компаниясы иеленген жылжымайтын мүлікті сәтті қайтарып алғаны белгілі. Сондықтан бұл аптада судья алаяқтық жолмен табыстау туралы талап-арызды қараудың қажеті жоқ деп шешті. Талап-арыз берушілер істі жеңіп, мүлкін қайтарып алған болатын. Соттың бұл шемімінің басқа талап-арыздарға қатысы жоқ және Алматы әкімдігі мен БТА Банктің сот қарауының соңында шығындарды қайтарып алуына әсер етпейді.  

Сот шешімі Әбіләзов пен оның сыбайластарын қолдаушылардың   дәлеліне қарап емес, техникалық құқықтық негізге сүйеніп шығарылғанын айту керек. Алматы әкімдігі мен ортақ талапкер БТА Банк алқа билер соты Әбіләзов пен оның сыбайластары жасаған қылмыстарға көз жеткізіп, талап-арыз иелеріне ондаған миллион доллар көлеміндегі  қаражатты қосымша қайтарып беретініне сенімді. Бұл қаражатқа талаптанушы тарап іс басталған кезде тыйым салған болатын", – делінген әділет министрлігінің баспасөз-мәліметінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу