Нью-Йорк соты Трампқа 5 миллион доллар айыппұл салды

481

Журналист Джин Кэрролға қатысты сот үкімі шықты.

Нью-Йорк соты Трампқа 5 миллион доллар айыппұл салды Фото: BBC

Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты журналист Джин Кэрролды ұрып-соғып, жала жапқаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасап.
 
Қазылар алқасы Трамптың 1996 жылы зорлық жасағанына сенбегенімен, оның Кэрролдың беделіне нұқсан келтіргенін мойындады. Ақ үйдің бұрынғы басшысы ұрып-соққаны үшін 2 миллион доллар және жала жабу фактісі бойынша 3 миллион доллар төлеуге міндеттелді.
 
Сот залына келмеген Трамп Кэрролды саусағының ұшымен де тимегенін, тіпті, оны танымайтынын қайта мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу