Нью-Йорктағы коменданттық сағат бір тәулікке ұзартылды

569

Ереже бұзғандар 3 айға қамауға алынады және оларға 500 доллар көлемінде айыппұл салынады. 

Нью-Йорктағы коменданттық сағат бір тәулікке ұзартылды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы коменданттық сағат тағы бір тәулікке созылды. Бұл туралы қала мэрі Билл де Блазио мәлім етті.

"Қазіргі ереуілдердің маңызы бар. Екпіні де қатты. Дегенмен тұрақсыздықты пайдаланып, түнде тәртіпсіздікке, зорлық-зомбылыққа итермелейтін адамдар да бар. Біздің басты мақсатымыз – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан осындай шешім қабылданды", — деді мегаполис басшысы.

Ережені бұзғандар 3 айға бас бостандығынан айырылып, 500 доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Полицейлер, медицина қызметкерлері, өрт сөндірушілер, дәріхана мен дүкен сатушыларына бұл шектеуге бағынбауға рұқсат берілді. Тағы бір жайт, 1 мамырдағы бас көтеру мен тәртіпсіздіктер кезінде 250 тұрғын тұтқындалған. 

Еске сала кетсек, 25 мамырда АҚШ-тың Минниеаполис штатында полицейлер Джордж Флойд есімді афроамерикалықты абайсызда өлтіріп алған болатын. Нақтырақ айтқанда, жалған ақшамен темекі сатып алмақ болған Флойдты тәртіп сақшылары тұтқындап, оны жерге жатқызып, төрт полицейдің бірі оны аяғымен 7 минут бойы басып тұрған. Афроамерикалық дем ала алмай жатқанын айтып, босатуын сұрайды, бірақ оған ешкім құлақ аспайды. Артынан оның қаза тапқаны белгілі болған соң, елді ереуілдер шарпып, тіпті Еуропаға дейін жетеді. Штат прокуроры Флойдты тұншықтырып мерт еткен Дерек Шовин есімді офицерге адам өлтіру қылмысының үшінші деңгейі туралы айып тағады. Штат заңы бойынша, ол енді 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу