Нью-Йорктағы қор биржасының индекстері өсті

616

Инвесторлар оң тенденция біразға дейін сақталады деген пікірде.

Нью-Йорктағы қор биржасының индекстері өсті Фото: reuters.com

Нью-Йорктағы қор биржасының негізгі индекстері айтарлықтай өсті. Dow Jones (27 847,66 пункт) 1,34%-ға, S&P индексі (3 443,44 пункт) 2,20%-ға, Nasdaq (11 590,78 пункт) 3.85%-ға артты.

WTI cұрыпты мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің құны 0,28%-ға арзандап, 39,04 доллар болды. Алтын фьючерстерінің бағасы 0,36%-ға көтеріліп, 1 903 долларға дейін жетті. 

АҚШ-та өткен сайлаудан кейін инвесторлар акцияларды көптеп сатып ала бастады. Салдарынан индекстер соңғы бес айдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Инвесторлардың ойынша, саяси додадан кейін нарықтағы оң тенденция біразға дейін сақталмақ. 

Еске сала кетсек, 3 қарашада Құрама Штаттарда президент сайлауы өтті. Ең жоғарғы мемлекеттік лауазымға қазіргі президент Дональд Трамп пен демократ Джо Байден таласып жатыр. Саяси текетірестің қорытындысы бірнеше күннен кейін ресми түрде жарияланады. Бірақ кейбір жергілікті ақпарат құралдары өздерінің бейресми есебін жариялап жатыр. Мысалы, Associated Press дерегіне сүйенсек, сайлаушылар алқасының дауысы (electoral vote)  бойынша Байден алда келеді. Ол 264 дауыс жинаған. Ал Трамптың еншісінде әзірге 214 дауыс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу