Нью-Йоркте болған өрт 2 ересек адам мен 3 баланың өмірін жалмады. Өрттің салдарынан Квинс ауданындағы он үш тарихи ғимарат жанып кетті.
Өрт сөндірушілер тек бір жарым сағат өткеннен кейін ғана тілсіз жауды сөндіре алды. Қаза болғандардың ең кішісі 2 жаста. Жергілікті басылымдар зардап шеккендердің барын хабарлады, бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз. Нью-Йорк мэрі бұл – соңғы екі жылдағы ең көп қырғынға ұшыратқан өрт дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу