Нью-Йоркте атақты зергерлік бұйымдар дүкені жанып кетті

373

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше сағат бойы арпалысқан.

Нью-Йоркте атақты зергерлік бұйымдар дүкені жанып кетті Фото: Daily mail

Қауіп төнген “бесінші авенью” көшесінде 100-ге жуық адам эвакуацияланды. Екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әзірге басқа зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Daily mail басылымының деректеріне сүйенсек, таяуда ғана дүкенде құны 500 млн доллар шамасында жөндеу, қалыпқа келтіру  жұмыстары жүргізілген.

Еске салайық, шаһарда бұл – зергерлік бұйымдар дүкеніне туристердің көп баратын жері. Себебі мұнда 1961 жылы Одри Хепберннің  қатысуымен голливудтық фильм түсірілген.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу