Нью-Йоркте Трампқа қарсы шыққан 24 шеруші қамауға алынды

417

Жүздеген адам Нью-Йорк көшелеріне шығып, Трамптың иммиграция заңына қарсылығын білдірді.     

Нью-Йоркте Трампқа қарсы шыққан 24 шеруші қамауға алынды Фото: Barry Williams/ New York Daily News

Fox News телеарнасы Trump Tower ғимаратының жанында ереуілдеткен 24 адамды қамауға алғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оларға алдымен ол жерден кету туралы бірнеше рет ауызша ескерту жасалған. Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қосымша полиция жасағы шықты.

Жалпы соңғы 4 тәулікте АҚШ-тағы жағдай ушығып барады. Лос-Анджелестегі наразылық 6 маусым күні кешке басталған. Жексенбіде шерулер полициямен қақтығысқа және жаппай бүлікке ұласты. АҚШ үкіметі қалаға тағы 700 теңіз жаяу әскерін аттандырды. Олар Ұлттық гвардияның 2000 сарбазы жеткенше шепті ұстап, тәртіпті қадағалауға тиіс.

Федералдық биліктің көші-қон полициясы 60 адамды қамауға алды. Наразылық шараларынан кейін қалада тәртіпсіздік күшейіп, АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомды елде бүлік туындауына себепкер деп айыптап, тіпті оны қамауға алуға дейін баруы мүмкін екенін мәлімдеді. Трамп Ньюсомды "өте қабілетсіз" деп атады.

Губернатор Ньюсом Трампқа ашық хат жолдап, Ұлттық гвардияны алып кетуді талап етті. Оның айтуынша, бұл штаттың егемендігіне ауыр нұқсан. Лос-Анджелес мэрі Карен Басс та мұны қолдады.

Жұма кешінде басталған наразылық шаралары сенбі мен жексенбіде өршіп кетті. ICE – АҚШ-тың иммиграциялық қызметі 44 адамды, тағы біреуді қарсылық көрсеткені үшін ұстағаннан кейін қала тұрғындары шеруге шықты.

Куәгерлердің айтуынша, рейд кезінде газ және шу-шам гранаталары қолданылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу