Нью-Йоркте қарлы боранға байланысты төтенше жағдай жарияланды

194

Бұл туралы мегаполис басшысы хабарлады.    

Нью-Йоркте қарлы боранға байланысты төтенше жағдай жарияланды Фото: Blooomberg

Нью-Йорк мэрі Зохран Мамдани қарлы боранға байланысты қалада төтенше жағдай режимін жариялады. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report агенттігіне сілтеме жасап. 

"Нью-Йорк, біз қарлы боранға байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимін жариялаймыз", – деді қала мэрі.

Зохран Мамдани соңғы 10 жылда Нью-Йоркте мұндай күшті боран болмағанын жеткізді.

Оның айтуынша, жексенбі кешкі уақыттан бастап дүйсенбі түске дейін автомагистральдер автокөлік қозғалысы үшін жабылады. Сонымен қатар мемлекеттік мектептерде сабақтар тоқтатылып, қала бойынша жылыту пункттері ашылады.

Ал Deutsche Welle басылымының жазуынша, АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі елдің солтүстік-шығысында сағатына 5-7,5 см қар жауатынын ескертті. Желдің екпіні сағатына 110 шақырымға дейін жетеді деп күтілуде.

Қолайсыз ауа райына байланысты Массачусетс, Коннектикут, Делавэр, Нью-Джерси және Род-Айленд штаттарында да төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бұдан бөлек бірнеше штатта жол қозғалысына байланысты шектеулер мен тыйымдар енгізіліп, әуе рейстері тоқтатылды. Синоптиктердің болжамынша, боран мен қатты жел салдарынан электрмен қамтуда іркілістер де болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу