Нью-Йоркте Қазақстанның тумасына қатысты іс қозғалды

910

Ол Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ ұйымына қолғабыс көрсетті деген күдікпен қамауға алынған.

Нью-Йоркте Қазақстанның тумасына қатысты іс қозғалды

Нью-Йоркте Қазақстанның тумасы Рустам Маратұлы Асаиновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ ұйымына қолғабыс көрсетті деген күдікпен қамауға алынған, деп хабарлайды Atameken Business.

Нью-Йорк полициясының мәліметі бойынша, ұсталған 42 жастағы Асаинов 1998 және 2013 жылдары Бруклинде өмір сүріп, АҚШ азаматтығын алған. Ал биылғы жылдың 18 шілдесінде Таяу Шығыстан  Нью-Йоркке жеткізілген екен. Ол жақта Сирияның демократиялық күштері ұйымында тұтқында болып, кейін федералды тергеу бюросына тапсырылған. Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу