Нью-Йоркте кеме көпірге соғылды

130

Кеше кешкі уақытта Нью-Йоркке мерекеге келе жатқан Мексика әскери-теңіз күштерінің желкенді кемесі Бруклин көпіріне соғылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нью-Йоркте кеме көпірге соғылды Фото: Nelson Slinkard/X

Мексиканың "Куаутемок" әскери-теңіз күштерінің кемесінде 277 адам болған.

BBC кейінгі мәліметтері бойынша, екі адам мерт болып, 19 адам жарақат алған.

Әлеуметтік желіге жүктелген видеодан 147 футтық кеме мачталары көпірдің астынан емін-еркін өтуге тым биік екені көрініп тұр.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Американың 2026 жылдығын тойлау үшін кеме Нью-Йоркке 2026 жылдың шілдесінде қайтуы керек болатын.

Осы оқиғадан соң Нью-Йорктің полиция басқармасы Х әлеуметтік желісінде азаматтарға тергеу, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары жүріп жатуы себепті Бруклин көпірінен аулақ болуға шақырды.

Бруклин көпіріндегі жолдың барлық жолақтарында қозғалыс тоқтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу