Нью-Йоркте лаңкестік шабуыл жасалды

1475

Нью-Йоркте лаңкестік шабуыл жасалды

Нью-Йоргтегі теракт құрбандарының арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді. Дегенмен, қазақстандық дипломаттар оқиға барысын жіті назарда ұстауда дейді Жайнақов.

Еске сала кетсек, Өзбекстан тумасы Нью-Йоркте жүк көлігімен бір топ адамды басып кеткен болатын. Нәтижесінде, 8 адам ажал құшты. Тағы 15 адам жарақат алды. Құрбандардың 5-уі – Аргентина азаматтары.

29 жастағы жігіт шабуылды ДАИШ лаңкестік тобы жасады деген жазба қалдырған. Ол АҚШ-қа 2010 жылы барып, грин-картасының мерзімі өтіп кетсе де, Нью-Джерси штатында тұрып келген. Жергілікті билік шабуылды "лаңкестік әрекет" деп бағалап, тергеу жүргізуде.

Джози Лис, куәгер:

"Біз қара түстің киіп киіп, сақал қойып алған жігітті көрдік. Қолына 2 қару ұстап алыпты. Біз бір жағынан қорқып, екінші жағынан "мына жігіт кім өзі" таңқалып қалдық. "Тез қашыңдар деген пәрмен берілген кезде тіптен есіміз шығып кетті".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу