Нью-Йоркте майнингке ішінара шектеу қойылды

737

Криптовалютаны өндіру қоршаған ортаға кері әсерін тигізетіндіктен екі жылға шектеу жарияланды.  

Нью-Йоркте майнингке ішінара шектеу қойылды Фото: baribar.kz

Нью-Йорк губернаторы Кэти Хокул экологияны ластайтын электр энергиясының көмегімен өндірілетін цифрлық валютаны шығаруға екі жылға шектеулер енгізуді көздейтін тиісті заңға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz Politico сайтына сілтеме жасап.

Бұдан былай қазба отыннан алынған электр қуатын пайдаланатын криптовалюта өндірушілері лицензия ала алмайды.

Бір қызығы, заң жобасын маусым айында Нью-Йорк сенаты мақұлдағанымен, алғашында губернатор Хоукул оған қарсы болған. Кейіннен губернатор 2 жылдық мораторий көмірмен жұмыс істейтін ескі электр стансаларынан шығарылатын көмірқышқыл газ мөлшерін азайту үшін жасалған маңызды қадам деп бағалады.

Криптовалюта лоббиінің өкілдері жаңа заң жобасы Нью-Йорктың экономикасына орасан зор зиян келтіруі мүмкін деп алаңдайды. Штат арзан электр көздерінің, соның ішінде тау-кен көмір электр станцияларының көптігіне байланысты криптовалюта өндіруге қолайлы орын болып саналатын.

Криптовалюта өндіретін компаниялар мораторий қабылданған жағдайда Техас сияқты штаттарда бизнесті жүргізудің салыстырмалы жеңіл екенін айтып, аймақтан кетеміз деп қорқытты. Қауымдастық мүшелері мораторий уақытының ұзарып, өндіріске мүлдем тыйым салыну мүмкіндігінен сескенеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу