Нью-Йоркте Марстан жеткен метеорит аукционға қойылды

313

Оның салмағы – 24,5 келі. 

Нью-Йоркте Марстан жеткен метеорит аукционға қойылды Фото: Мир 24

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Марстан құлаған метеориттің бір бөлігі аукционға қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"МИР24" жазуынша, метеориттің ғылыми атауы – NWA 16788. Ол 2023 жылы Африканың Нигер елінен табылған. Оның салмағы 24,5 келіге дейін барады. Талдау нәтижесінде метеорит құрамында 21,2 пайыз маскелинит бар екені анықталды. Маскелинит – шыныға ұқсас материал. Метеориттің сырты қызыл-қоңыр қабыршақпен қапталған.

Сарапшылар марсиандық метеориттер өте сирек кездесетінін айтады. Ресми танылған 77 мыңнан астам метеориттің тек 400-і ғана осы топқа жатады. Олардың жалпы салмағы – 374 келі.

Ғалымдар бұл тастар Марсқа басқа ғарыштық денелер соқтығысқанда пайда болған деген тұжырымға келген. Нәтижесінде олар ғарышқа ұшып шығып, кейін Жердің тартылыс аймағына түсіп кеткен.

Марстан құлаған метеорит 4 млн еуроға бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу