Нью-Йорктегі Пенсильванский вокзалында жұма күні мыңға жуық жолаушы мінген Amtrak пойызы рельстен шығып кетіп, NJ TRANSIT пойызына соқтығысты. Бұл туралы CBS New York телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды inform.kz.
"Пойыз стансадан ақырындап шығып бара жатқанда, жергілікті уақытпен шамамен 9.00-де рельстен шығып кеткен", – деп жазылған Amtrak компаниясының хабарламасында.
Телеарнаның мәлімдеуінше, пойыз вокзалға келген 200 жолаушысы бар NJ TRANSIT пойызын сүзіп өткен. Бірнеше адам аздап жарақат алған.
Қазір вокзалдағы қозғалыс тоқтатылды. Пенсильванский вокзалы Нью Йорктегі ірі халықаралық бекет саналады. Мұнда күн сайын 600 мың жолаушы сапарға аттанады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу