Нью-Йорк қаласының такси жүргізушілері ереуілге шықты. Бұл жолғы наразылық шеруі бұрынғыдан өзгеше. Себебі әлемге әйгілі Yellow cab жүргізушілері Убер сынды мобильді қосымшаны пайдаланатын таксистермен бірлесе көтерілді, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кету керек, Нью-Йоркте 12 мың сары такси мен 2 мың жасыл түсті арнайы көлікке ғана жұмыс істеуге рұқсат берілген. Ал такси жүргізушісі болу үшін арнайы лицензия қажет болатын. Ол құжаттың бағасы 2013-ші жылы 1 миллион долларға жеткен еді. Алайда мобильді қосымшалар пайда болғалы Нью-Йорктегі такси саны 100 мыңнан асқан. Yellow cab жүргізушілеріне әділетсіздік болмасын деп, мобильді қосымшалар өз жүргізушілерінің айлық мөлшерін төмендеткен. Алайда бұл мәселені одан әрі ушықтыра түсті.