Тікұшақ апаты Siemens-тің топ-менеджері мен бүкіл отбасының өмірін жалмады

Әуе көлігі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы экскурсиялық рейс кезінде апатқа ұшыраған.  

Тікұшақ апаты Siemens-тің топ-менеджері мен бүкіл отбасының өмірін жалмады Фото: forbes.es

Жантүршігерлік оқиғадан тікұшақтағы алты адамның барлығы қаза тапқаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты hibiny.ru-ға сілтеме жасап. 

Тікұшақта Siemens компаниясының Испаниядағы бөлімшесінің басшысы Агустин Эскобар мен әйелі және үш баласы болған. 

Bell 206L үлгісіндегі азаматтық тікұшақ Гудзон өзеніне құлаған. Әуе көемесінде барлығы алты адам, яғни бес жолаушы мен бір ұшқыш болған. Төрт адам оқиға орнында көз жұмса, екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтқан. 

Болжам бойынша, Эскобардың отбасы әуедегі экскурсиялық серуенге шыққан. Куәгерлердің сөзінше, тікұшақ ауада қалықтап бара жатып техникалық ақауға тап болған. 

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары бірден басталды. Оған себеп, АҚШ президенті Дональд

Трамптың өзі бұл апатқа жедел реакция білдіріп, әлеуметтік желіде марқұмдардың туған-туысына көңілқосын айтты. Ол көлік министрлігіне істі жеке бақылауына алуды тапсырып, трагедияның себебі қысқа мерзім

ішінде анықталуы тиіс екенін мәлімдеді. Президент тергеу нәтижелері шыққан соң, оны қоғамға ашық жариялайтынын да жеткізіп отыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу