Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз босатылды

915

Адвокаттар мен консулдардың күш салуымен барлық тергеу жұмыстары аяқталғанша бостандықта болады. Негізгі сот тыңдалымы наурыз айына жоспарланған.

Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз босатылды

Алаяқтық күдігімен Нью-Йоркте тұтқындалған қазақ қызы тергеу жұмыстары аяқталғанша бостандықта болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін CBS телеарнасы хабарлағандай, Нью-Йорктің полиция басқармасы Бруклинде тұратын 24 жастағы Махаббат Әбдуалиеваны тұтқынға алған. БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық қызға ұсақ ұрлық, алаяқтық мақсатта өзін басқа адам деп таныстыру айыптары тағылып отыр.

"Күдікті өзін риэлтор деп таныстырған және Ocean Parkway және тағы екі үйдің пәтерлерін жалға беретінін хабарлаған. Бірақ, клиенттерден алдын ала төлемді алған соң, кері байланысқа шықпаған",  делінген жаңалықта. 

Бұл ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

"Иә, Махаббат Әбдуалиева – шынымен де Қазақстан азаматы. Оған алаяқтық бойынша айып тағылып отыр. Адвокаттар мен консулдардың күш салуымен қазақстандық қыз босатылды. Барлық тергеу жұмыстары аяқталғанша бостандықта болады. Негізгі сот тыңдалымы наурыз айына жоспарланған",  деп жауап берді Айбек Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу