Нью-Йорк қаласының орталығында жерасты автотұрағы опырылып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz DW сілтемесімен.
Бүгін Нью-Йорктың орталық ауданы Төменгі Манхэттен, Энн көшесіндегі 57-үйде оқыс оқиға болды. Құтқарушылардың айтуынша, үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін. Ғимараттың қаншалықты берік екенін анықтау үшін арнайы мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, үйінділердің астындағы адамдарды іздеу үшін роботтар жұмылдырылады.
Апатқа байланысты Пейс университеті тұрақ жанындағы ғимараттардағы сабақтарды тоқтатты, студенттер эвакуацияланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу