Нью-Йорктегі 443 метр биіктікте сөз салған ресейлік руферлер қатаң жазаланбақ

Ангела Николау мен Иван Биркус әйгілі Empire State Building ғимаратының төбесіне заңсыз көтерілген.  

Нью-Йорктегі 443 метр биіктікте сөз салған ресейлік руферлер қатаң жазаланбақ Фото: bbc.com

Ғашықтар сол жерде бір-біріне үйленуге ұсыныс жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әсерлі сәттен соң жұпты полиция ұстап, оларға бірнеше бап бойынша айып таққан.

Жаза кеткен жөн, руферлер – биік ғимараттардың шатырлары, мұнаралары мен шпильдеріне көбіне заңсыз көтеріліп, фото және видео түсіретін экстремалдар.

Қос ғашық ғимараттың ең биік нүктесіне "Махаббаттың күші билікке деген махаббатты жеңгенде, әлемде бейбітшілік орнайды" деген жазуы бар баннерді ілген.

Жұп биіктігі 443 метр болатын ғимараттың ұшар басында 10 минут болған. Олар бұған дейін де әлемнің түрлі еліндегі биік ғимараттарға заңсыз шығып жүрген еді. Осы оқиғаларға арналған Skywalkers: A Love Story деректі фильмі 2024 жылы Netflix платформасында жарық көрді.

Нью-Йорк полициясы 2 адамның ұсталғанын хабарлады. CBS телеарнасы оларға заңсыз басып кіру, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру, мүлікке қасақана зиян келтіру, бөтен аумаққа заңсыз ену және қоғамдық тәртіпті бұзу баптары бойынша айып тағылғанын мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу