Нью-Йорктегі атыс

753

Полицияның мәлімдеуінше, Бруклиндегі атыс салдарынан 38 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы 11 адам жараланған.

Нью-Йорктегі атыс

Сенбі күні жергілікті уақытпен түнгі 11 шамасында Нью-Йоркте атыс болды деп xабарлайды ҚазАқпарат The New York Post-қа сілтеме жасап. 

Хабарларға қарағанда, Браунсвилл демалыс орталығында жыл сайын өтетін дәстүрлі кешке қарумен кірген қаскөй сондағы адамдарды қырып тастамақ болған. Қылмыскер әлі ұсталған жоқ.

"Бүгін Браунсвилл ауданында жан түршігерлік атыс болды", – деп жазды Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, аталған дәстүрлі кештің өтіп жатқанына биыл 56 жыл болған. Оған жыл сайын мыңдаған адам келеді.


 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу