Нью-Йорктегі коменданттық сағат уақыты созылады

856

Оған демонстранттар мен полиция арасындағы шиеленіс өршіп кетуі себеп болып отыр. 

Нью-Йорктегі коменданттық сағат уақыты созылады

Бүгін Нью-Йорктегі шектеу 8 маусымға дейін созылатыны белгілі болды. Қалада тек полицей, өрт сөндіруші, журналист және дәрігерлер ғана жүріп-тұра алады. Оларға кешкі сегізден таңғы беске дейін сыртқа шығуға рұқсат берілген.

Шиеленіс кең етек алып кетпес үшін қала әкімшілігі осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды. Себебі наразылық шеруіне шыққан тұрғындар саны күрт көбейіп кетті. Бастапқыда бейбіт шеру ретінде басталған жиын соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқанын білесіздер. Оған - қара нәсілді азаматтың полиция қолынан қаза болуы себеп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу