Нью-Йорктегі лаңкестік әрекеті үшін Сайфулло Саипов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

611

Алқабилер соты исламистті өлім жазасына кеспеуге шешім қабылдады. 

Нью-Йорктегі лаңкестік әрекеті үшін Сайфулло Саипов өмір бойына бас бостандығынан айырылды Фото: s16.stc.yc.kpcdn.net

2017 жылы Манхэттен орталығында жүк көлігімен жолда бар азаматтарды қағып, 12 адамның өліміне себепші болған қылмыскерге қатысты үкім шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Нью-Йорктің Оңтүстік округінің федералды прокуроры Дэмиан Уильямс дүйсенбіде Алқабилер Сайфулло Саиповқа өлім жазасын тағайындауға қатысты бірауыздан шешім қабылдай алмағанын мәлімдеді.

Саипов жасаған шабуыл нәтижесінде сегіз адам қаза тапты, 12 адам (оның ішінде полиция қызметкері оғынан жараланған Саипов) жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында Саиповтың жүк көлігімен соқтығысқан мектеп автобусы ішіндегі екі бала бар.

Өзбекстан азаматы Сайфулло Саипов 1988 жылы Ташкентте дүниеге келген. Ол "Жасыл карта" лотереясын ұтып алғаннан кейін 2010 жылы АҚШ-қа көшкен.

26 қаңтарда алқабилер соты Саиповты айыптау қорытындысының барлық 28 тармағы бойынша, соның ішінде қауіпті қару-жарақ шабуылы мен кісі өлтіруге оқталу, өлімге әкеп соқтырған шетелдік террористік ұйымға материалдық қолдау көрсеткені; сондай-ақ көлікті адам өлтіруге пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты.

Аудандық судья Вернон Бродерик Саиповты барлық тоғыз айып бойынша "ИГ" террористік тобының атынан террорлық шабуыл жасағаны үшін заңда көзделген өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу