Нью-Йорк тарихында алғашқы мұсылман әкім Құранды ұстап, ант берді

662

Бұл жөнінде Анадолы агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Нью-Йорк тарихында алғашқы мұсылман әкім Құранды ұстап, ант берді Фото: Anadolu Agency

Қала мэрі Зохран Мамдани ант беру кезінде XVIII ғасырда Сирияда жазылған, Осман империясы дәуіріне тиесілі қолжазба Құранды пайдаланған. Салтанатты рәсім 1 қаңтар күні өтті.

Мамдани X әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл Құранның тарихи маңызына тоқталып, оның бұрын Артуро Шомбургтің жеке коллекциясында болғанын атап өтті. Қолжазба қара сиямен жазылып, кей тұстары қызыл түспен ерекшеленген.

Мэр аталған Құранды Нью-Йорк тарихындағы "жаңа кезеңнің белгісі" деп атап, оны қаланың барша тұрғындарына ортақ мәдени мұра ретінде бағалайтынын жеткізді. Қолжазба алдағы уақытта Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы қорында көрмеге қойылады.

Айта кетейік, 34 жастағы Зохран Мамдани Угандада дүниеге келген. Ол 4 қарашада өткен сайлауда жеңіске жетіп, соңғы 100 жылдағы Нью-Йорктің ең жас мэрі әрі қаланың алғашқы мұсылман басшысы атанды.

CBS News мәліметінше, сайлауға 2 миллионнан астам адам қатысқан, бұл көрсеткіш 1969 жылдан бергі ең жоғары деңгей ретінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу