Нью-Йорктың жүздеген тұрғынына мерзімі өткен вакцина егілген

752

Бұған дейін америкалық Johnson & Johnson компаниясы вакцинаның 70 миллион дозасының кәдеге жарамай қалғаны анықталды. 

Нью-Йорктың жүздеген тұрғынына мерзімі өткен вакцина егілген Фото: reuters.com

АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласының жүздеген тұрғынына Pfizer және BioNTech компаниялары жасап шығарған, бірақ мерзімі өтіп кеткен коронавирустық вакцина егілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz New York Post сайтына сілтеме жасап. 

Таймс-сквердегі егу пунктінің операторы Дэвид Савицкий 899 адамға жарамсыз препараттың салынғаны туралы хабарлама жіберген. Оның айтуынша, вакцина мұздатқышта белгіленген уақыттан ұзақ сақталған. Савицкий мұндай вакцинацияның жағымсыз салдары болмайды деген пікірде. Ол мерзімі өткен препаратты қабылдаған Нью-Йоркт тұрғындарына қайтадан жарамды вакцина қабылдауға кеңес берді.

Бұған дейін америкалық Johnson & Johnson компаниясы шығарған Janssen коронавирустық вакцинасының шамамен 70 миллион дозасының мерзімі өтіп кеткені жарияланған еді. Бұл екпенің сапасын АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы тексерген болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу