ОАР президенті коронавирус жұқтырды

886

Ол бұған дейін вакцина салдырған. 

ОАР президенті коронавирус жұқтырды Фото: reuters.com

Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса COVID-19 дертіне шалдығып, өзін оқшаулауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz президент әкімшілігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Оның қызметін әзірге вице-президент Дэвид Мабуза атқарады.

Рамафосаның 12 желтоқсанда ауруға шалдыққаны белгілі болды. Кейптаундағы іс-шараға қатысқаннан кейін саясаткердің денсаулығы нашарлап кеткен. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Оны ОАР қорғаныс күштері әскери-медициналық қызметінің мамандары бақылауда. 

Президент коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын. Оның вирусты қалай жұқтырғаны жарияланбады.

Бұған дейін Рамафоса Батыс Африка елдеріне ресми сапармен барып, бірнеше рет COVID-19 сынақтарын өтті. Бірақ оның ағзасынан коронавирус анықталмады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу