Обал-ай! Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалған 3 жасар бала өлі табылды

940

Полиция ата-аналарға балаларына мұқият болуды ескертеді.

Обал-ай! Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалған 3 жасар бала өлі табылды Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

Жетісу облысы Көксу ауылында жолғалған бала өлі табылы. 3 жастағы бүлдіршін 7 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

3 жастағы Алдиярды іздеушілер арада 11 күн өткенде Мұқаншы өзенінен тапқан.

"18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында, Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінде, із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ", – деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері ата-аналар мен қамқоршыларға мұндай қайғылы жағдай қайталанбас үшін балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Осыған дейін, баланың табылмай жатқанын жазған болатынбыз

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу