Обаның ошағы анықталған жоқ

929

Обаның ошағы анықталған жоқ

Байқоңыр қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі тұрғындарға қала айналасында қауіпті инфекция табылмағанын мәлімдеді, деп хабарлады "ҚазАқпарат".

"Левобережный" су алу аумағында жиналған далалық сынамаларда оба анықталмаған", - деп нақтыланды ТЖ бөлімінің хабарламасында. "Байқоңыр" кешені "Левобережный" су алу аумағында эпизоотия анықталғаны туралы ақпарат түскен сәттен бастап мамандандырылған ұйымдар 17П алаңында және оған жақын аумақтарда профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізді, деп мәлімдеді мамандар.

Айта кетейік, 30 маусымда Байқоңыр төңірегінде оба індеті табылды. Қауіпті инфекция ошағынан алынған сынама сараптамаға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу