Оберхофта Қазақстан ерлер құрамасы 15-ші орынға тұрақтады

680

Оберхофта Қазақстан ерлер құрамасы 15-ші орынға тұрақтады

Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогының төртінші кезеңінде ерлер арасында эстафета сайысы өтті, деп хабарлайды prosports.kz.

Жарыстың қорытындысы бойынша Швеция құрамасы жеңіске жетті. Италия командасы екінші орын иеленсе, Норвегия құрамасы үздік үштікке ілінді.

Максим Браун, Василий Подкорытов, Владислав Витенко мен Тимур Хамитгатин бастаған Қазақстан құрамасы эстафета сайысын 15-ші орында аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу