Облыс әкімдерін неге сайламаймыз – депутат пікірі

1303

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы облыс әкімдерін сайлау бұрын "формальды түрде" өткізіліп келгенін айтады.

Облыс әкімдерін неге сайламаймыз – депутат пікірі

"Бұрын [Президент] бір адамды ғана облыстағы мәслихат депутаттарының алдына алып келетін. Басқа таңдау болмаған соң, депутаттар дауыс беретін. Енді олай болмайды. Кем дегенде екі үміткер алып келеді. Үш немесе төрт үміткер де әкелуі мүмкін. Сонда депуттардың таңдау құқы болады. Бұрын таңдау құқы болмаған", – дейді Бақтиярұлы жеке пікірін айтып.

"Екінші үміткер альтернатива болып кетеді деп ойламайсыз ба?", – деп сұрады журналист.

"Жоқ, таңдау құқы бар. Қазір мәслихатта да мықты депуттаттар бар ғой. Оның үстіне дауыс беру жасырын өтеді", – дейді Бақтиярұлы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында енді президент ауыл мен аудан әкімдерін тағайындау құқығынан айырылатынын мәлімдеді. Ал облыс әкімдерін тағайындау құқығын өзінде қалдырды.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу