Облыс әкімдігі Бөген су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпаратты жоққа шығарды

1787

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды. 

Облыс әкімдігі Бөген су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпаратты жоққа шығарды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Бөген су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан Бөген су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз",­– делінген хабарламада.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды. Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жеткен.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар:

1.Ақдала бұрылысы

2. 41 разъезд

3. Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.

"Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда. Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады. Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде. Сондай-ақ,Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде",­ – деген ресми мәлімет берілді.

Айта кетсек, Арыста орын алғын төтенше жағдайға байланысты Бөген су қоймасынан су босатылуы мүмкін екендігі туралы болжамдар айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу