Облыс әкімі Ақтөбе қаласының даму мәселесін талқылады

1185

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе қаласының даму мәселелері талқыланды.  

Облыс әкімі Ақтөбе қаласының даму мәселесін талқылады

Қала әкімі Асхат Шахаров тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және Ақтөбенің эстетикалық келбетін қалыптастыру мақсатында қабылданған шаралардың нәтижелері туралы баяндап, алдағы жылғы жоспарларды атап өтті.

Былтыр қала аумағында көлік жолдарын жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру және тұрғын үй құрылысы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласының автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы - 651 шақырым, оның 300 шақырымы асфальтбетонмен төселіп, 115 нысан жөнделді.

Биыл 12 нысанның жолдарын орташа жөндеу, Рауан, Қызылжар-3, ауылдарындағы жолдарды салу, Тәжібаев көшесіндегі көпір өткелін реконструкциялау жоспарланған.

Сондай ақ, Батыс шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы бойының жолын қалпына келтіру жобасы жүзеге асырылады.

Еске салайық, 2020 жылы соңғы 30-40 жылда бірінші рет Шанхай, Тұрғын үй қалашығы аудандарында, 8 шағын ауданда, қаланың көне бөлігінде ауласы бар аумақтар жөнделіп, асфальт төселді.

Өңір басшысының тікелей тапсырмасымен биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, 230 аулаға асфальт төселеді.

45 мың шақырым алаңға гүлдер мен жасыл желектер, соның ішінде 28 мың шақырымға көпжылдық өсімдіктер егіледі.

200 аулаға балалардың ойын кешені орнатылып, қала мен қалаға жақын елді мекендерге тағы 10 үлкен балалар алаңы салынады.

Былтыр 50 мың шақырым алаңға жаяужол төселсе, биыл қаланың ескі бөлігіндегі, М.Оспанов, ағайынды Жұбановтар көшелеріндегі, Қарғалы тұрғын үй алабындағы және т.б. аудандардағы жаяужолдар жаңартылмақ.

Жарықты үнемдеу бағдарламасы аясында 350 көшедегі ескірген темірбетон тіректері мен шамдарды алмастыру, шекті зиянды заттарды өлшеп, бақылап отыратын экологиялық датчик орнату қарастырылған.

Инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету мақсатында газбен және энергиямен жабдықтайтын желі салу, төрт тұрғын үй алабын сумен жабдықтау жоспарланған, жалпы алғанда 18 жоба әзірленді.

2021 жылы Нұр Ақтөбе шағын ауданындағы №27 тоғыз қабатты үй пайдалануға берілмек, Жаңақоныс ауылында 140 пәтерлі жатақхананың, Нұр Ақтөбе шағын ауданының №3, 4 мөлтек аудандарындағы жалға берілетін екі тұрғын үйдің, сонымен қатар, облигациялық қарыз есебінен №3 шағын ауданындағы тоғызқабатты бес үйдің құрылысы жоспарланған.

Осы жылдың соңына дейін 85,7 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады, үй кезегінде тұрғандар үшін Нұр Ақтөбе шағын ауданының №3, 4 мөлтек аудандарындағы алаңы 58 мың м2 болатын немесе 1188 пәтері бар №12, 15, 17, 18 үйлерді салу жоспарланып отыр.

Бұдан өзге, үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжатын әзірлеу аяқталады, Ясный, Сазды ауылдары мен Нұр Ақтөбе тұрғын үй алабында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

"Біздің міндетіміз – ақтөбеліктерге барынша қолайлы жағдай жасау, оларды толғандырған өзекті мәселелерін шешу. Биыл Ақтөбеде көптеген ауқымды жобалар жоспарланып отыр. Тұрғын үйді пайдалануға беру болсын, жолдарды жөндеу немесе аулаларды абаттандыру болсын, олардың әрқайсысы сапалы әрі мерзімінде жүзеге асырылу керек. Қаланы дамытуға қатысты барлық сұрақтар қатаң бақылауда", – деді өңір басшысы жиын соңында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу