Облыс әкімі Бурабай мен Түркия курорттарының бағасын салыстырды

1183

Жаздың қысқалығы қымбатшылық тудырып отыр.  

Облыс әкімі Бурабай мен Түркия курорттарының бағасын салыстырды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев Бурабайдағы бағаның неге Түркиядан қымбат екенін түсіндірді.

"Расымен, ондай мәселе бар. Ел арасында осы туралы түрлі әзіл әңгімелер бар екенін де білеміз. Бұл жерде мәселе неде? Өкінішке қарай, қысқы туризм біздің Щучье-Бурабай демалыс орнында аса дамымаған. Оны жақсы білесіздер. Қысқы шығындардың бәрін жаздың екі айында жауып үлгеру керек. Одан кейін жұмыс орындарын сақтап қалу деген мәселе бар. Бағаның қымбаттығы осындай мәселелерден туындайды", – деді Ермек Маржықбаев.

Ол сондай-ақ туристік сервисті дамыту үшін студенттердішетелден оқыту қолға алынғанын тілге тиек етті. 

"Жаңа айтқанымдай, жаздың екі айында туристік нысан иелері барынша табыс тауып қалуға тырысады. Осы тенденцияны бұзу үшін бірқатар шараны қолға алдық. Атап айтқанда, төрт маусымда жиырма шақты ірі шара өткіземіз. Мысалы, қазан айында "Суретшілер слетін" өткіздік. Мұндай бір ғана шара жүзден аса турист тартуға мүмкіндік береді", – деді әкім.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу