Облыс әкімінің гранты бөлінді

2818

Облыс әкімінің гранты бөлінді

Қызылорда өңіріне қажетті мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің 205 гранты бөлінді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Оның ішінде техникалық ғылымдар және технологиялар - 80, білім - 78, қызмет көрсету - 1, өнер - 11, әскери іс және қауіпсіздік - 15, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) мамандықтары – 20.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы жүргізіледі және осы бөлімдер арқылы облыс әкімінің гранты бойынша қажетті ақпаратты алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу