Облыс әкімінің қарындасын ұрлап әкетпек болды

1305

Оқиға 18-ші қыркүйекте таңертең Павлодар қаласындағы Исиналиев көшесінде болған.

Облыс әкімінің қарындасын ұрлап әкетпек болды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап әкетпек болды. Бейтаныс азамат әйелді күшпен көлікке отырғызуға әрекеттенген. Алайда, шенеуніктің туысы күдіктінің қолынан сытылып шығып, қашып кеткен. Ақпаратты жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау үшін жедел іздеу шараларын жүргізуде.

Айта кетсек, өңір басшысы Даниал Ахметовтің қарындасы Гульфаз Аубанова Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ, диагностикалық орталық, жеке поликлиника мен перзентхананы қамтитын мекеменің негізін қалаушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу