Облыс бойынша Ономастика тарихында бұрын-соңды болмаған іс атқарды

1059

Облыс бойынша Ономастика тарихында бұрын-соңды болмаған іс атқарды

2016 жылы Павлодар облысында төрт ауыл мен 131 көшенің атауы қазақшаланған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Бұл туралы аймақ басшысы Болат Бақауов былтырғы жылғы жұмыс қортындысы бойынша тұрғындар алдында есеп беру жиынында хабарлады. "Өңірімізде тіл саясатындағы жұмыстар да жыл сайын өріс алып келеді. Оның ішінде ономастика саласындағы жұмыстарды атауға болады. Мәселен, Павлодар облысында соңғы 25 жылдың ішінде 86 елді мекеннің, 544 көшенің атауы өзгертілді. Оның ішінде төрт ауыл мен 131 көше 2016 жылы ономастика комиссиясында қаралып, оң шешімін тапты", - деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу