Облыс орталықтары алдағы 5 жылда 5G-мен қамтылады

1097

Электрондық сауданың үлесі 2 есе ұлғайтылатын болады.

Облыс орталықтары алдағы 5 жылда 5G-мен қамтылады

Қазақстанның облыс орталықтары алдағы 5 жылда 5G-мен қамтылады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "Digital Almaty 2021" форумында айтты.

"Цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалары 5G жабынымен қамтамасыз етіледі", – деді ол. 

Премьер-министрдің айтуынша деректерді өңдеу және сақтау саласына инвестициялар 6 есеге, 82 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін артады. Электрондық сауданың үлесі 2 есе ұлғайтылатын болады.

"Цифрлық салада бизнесті қолдау шараларының арқасында 1000-нан астам инновациялық компания құрылады, бұл АКТ экспорты көлемінің 25 еседен астам өсуіне әкеледі. IT-саласында шамамен 100 мың жаңа жұмыс орны құрылады", — деді Аcқар Мамин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу