Жамбыл облысында газдандырылған 173 елдімекеніндегі көгілдір отынға қол жеткізе алмай отырған 88 мың адамды газ торабына қосу мәселесі шешімін тапты. Бұл туралы zhambylnews.kz хабарлайды.
Енді тұрғындарды газ торабына қосумен "Жамбыл Жылу" коммуналдық мекемесі айналысатын болды. Осылайша газды жеткізу құны 150 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін түсті.
Аймақтағы газдандырылмаған 171 елдімекен мәселесі бойынша жалпы 43 млрд 761 млн теңге құрайтын 11 жоба дайындалды. Аталмыш жобаларды 2019-2022 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу